Skip to content

Instantly share code, notes, and snippets.

@arpanetus
Last active February 8, 2023 21:00
Show Gist options
  • Save arpanetus/bdc9432869830fe57e5d722511728c9f to your computer and use it in GitHub Desktop.
Save arpanetus/bdc9432869830fe57e5d722511728c9f to your computer and use it in GitHub Desktop.
Халық банк туралы бір ауыз сөз

Бірде Халық банктың Онлайн-Банк қызметіне хабарласқан едім.

Онлайн-банк, Гөгіл сұрамасы

Лендиңі түгел дерлік орыс тілінде. Қазақша бір түйір сөз таппайсың.

Онлайн-банк, Лендиң

Соны айтсам, көмекші қызметтегі қыз "Ондағының бәрін қазақша аударып болмайды, одан бөлек орысша нұсқасы бірінші жасалады" дегені бар.

Сонда "Қазақстанда тұрып, қалай ғана қазақша нұсқасын жасап болмайды екен?" деген сұрақ келеді ойға. Қазақ тілінің қай жері кем? Бір қазақ тілі маманын жалға алуға ақшасы жетпеді ма-ей? Қазақтың ақшасы тәтті де, қамында шаруа жоқ деген түсінік па бұл сонда?

"Мейлі, бәлкім мен қазақ тілін таңдайтын батырманы таппай жатқан болармын" деп лендиң бетін ақтарып кетем. Дым да таппайм. "Войти" батырмасын басып, келесі бетті аштым.

Кіру

Жоғарыдағы сүгіретте байқап тұрғаныңыздай бір де бір қазақ сөзі жоқ. Көмек деген екі батырманы бассақ та еш қазақ нұсқасын таппайсыз.

Ішіне кіргесін, ентірфейісті қазақ тіліне ауыстырған күннің өзінде де, көріп тұрғаным мынау:

Кірген сәтте

Қызық-ей! "Включить Новый Год" деген батырманың бары, бірақ "Жеке кабинет", "Шот", "Уижет қосу" деген сөздің жоқтығы жын келтіреді. Сонда бұл сөздерді мен, қарапайым бағдарламашы, қалай аударған екем? Мұндайды Қазақ тілі филология маманы менен көп білетін болар. Әлде өтірік айтып отырмын ба?

Халық банктың көпшілік қауымға арналған қолданбасының хәлі туралы да шағымданса болады, мәселен:

Homebank ақша аударымы

Осылай, ағайын. Халық банктың әсерлі жауабын, бәлкім болмашы сылтауын күтелік. Маған керегі — Халық қолданбасының дені дұрыс қазақша аудармасы. Ананың бәрін тәржімелеуге бір айдан көп уақыт кетпес.

Рақмет!

@arpanetus
Copy link
Author

arpanetus commented Jan 16, 2023

Қайырлы күн. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Мамандарға бұл жағдайды қолға алуға өтініш жібердік. Кері байланысыңыз үшін рақмет білдіреміз./ Халық банк маманы Мөлдір

Рақмет.

Алайда нақты уақытын айтыңыз. Сіздің саппортыңға былтырғы жылдың күзінде бірнеше рет хабарласқанмын, сол кезден бері көрмей келе жатқан "өзгерістер" арман бола қалды.

@Rmb5175

@Khangeldy
Copy link

Бұл берекесіз банкті сервисін қолданғанша, Береке банкінің B-Bank қосымшасын қолданыңдар 😃 😅

@arpanetus
Copy link
Author

@Khangeldy , хаха, керемет продакт плейсмент.

Сендерде барлығы қзқша ма, әлде қалай?

@Khangeldy
Copy link

Бізде Белоруссия, Россиядан аутсорс frontendлер. Соларды біздегілер заставлят етеді, гугл аудармашы арқылы аударуды. Әйтпесе код ревю өтпейді 😸

@arpanetus
Copy link
Author

arpanetus commented Feb 8, 2023

@Khangeldy жоқтан жақсы деуге келмейді, бірақ бәрібір де барына БЕРЕКЕ сияқты ғой. Осы несіне үлкен банк, телекомдар бір қазақ копирайтер алуға шамасы жоқ па, түсінбеймін-ей.

Sign up for free to join this conversation on GitHub. Already have an account? Sign in to comment